» » "Ордабасы" орға жықты

"Ордабасы" орға жықты

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
"Ордабасы" орға жықтыӨз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасынан жеңіліп қалған Қызылорданың «Қайсары» турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. Дегенмен, әлі де мүмкіндік бар. Егер қалған төрт ойынды сәттірек өткізсе, Дмитрий Огай шәкірттері Еуропа лигасының жолдамасына қол жеткізіп қалуы әбден мүмкін. Әлі ешнәрсе жоғалтқан жоқпыз.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Ордабасы» (Шымкент) 0:1
Гол: Касьянов, 45+1.
Ескертулер: Кулибали, 11. Нехтий, 70. Яблан, 75. Розыбакиев, 80 – Тұңғышбаев, 72. Бейсенов, 75. Григоренко, 90+1.
«Қайсар»: Прядкин, Дәуітов, Яблан, Кулибали, Нехтий (Калинин 84), Розыбакиев, Нәрзілдаев (Алтынбеков 65), Марушко (Остапенко 81), Струков (К), Фурдуй, Хунт
Резерв: Ширяев, Шестаков, Күнов, Балтаев
Ордабасы: Григоренко, Мвесигва, Кудела, Фрейре, Сүйімбаев, П.Әлиев, Диакате, Бейсенов (к), Тұңғышбаев, Касьянов, Тәжімбетов (Қожабаев 90+2) 
Резерв: Отарбаев, Гридин, Адырбеков, Фильчаков, Төлебек, Ә.Әлиев
Төрешілер: Карлибаев (Орал), Тасыбаев (Павлодар), Шабанов (Алматы)
4 қазан. Қызылорда. Ғ.Мұратбаев стадионы. 5 200 көрермен
     Бірақ бүгінгі кездесу қызылордалықтар үшін сәтті өтті деуге келмейді. Ойын жүрген жоқ. Пастары да бір-біріне жетпей жатты. Қорғаныста сауатты ойнадық, алайда шабуыл шебі ақсап жатты. Алғы шептегі форвардтарымызға бірде пас жетпей жатса, бірде доп қарсылас қорғаушыларының оңай жемтігіне айналып жатты. Обалы не керек, «Ордабасы» да оңдырып ойнамады. Олардың да қателескен кезі аз болған жоқ. Осылайша ойын 90 минут бойы бір сыдырғы өтті. Әй, соқсаңшы сол сәтте Думан Нәрзілдаев, ойын түбегейлі басқаша бағытта өрбитін бе еді?! Басты немесе аяқты тоса салатын жерде кеудесін тоса салған Думан шамамен екі метр жерден допты «Ордабасы» қақпашысы Александр Григоренконың қолына ұстата салды. Дегенмен, шыны керек, жартылай қорғаушымыздың өзі де мұндай пастың келетінін күтпеген сияқты. Ал матчтағы жалғыз голды Артем Касьянов соқты. Айып добы сәтінде бразилиялық легионер Арауджи де Фрейремен пас алмасқан Артемнің шірене тепкен добы зымыран іспеттес ұшып, қақпашымыз Кирилл Прядкинге еш мүмкіндік қалдырмады. Екінші таймда «Қайсар» бас бапкері Дмитрий Огай ойынға өзгеріс енгізіп, үш ойыншыны кезегімен алмастырғанымен одан нәтиже шықпады. Ал шымкенттіктер театр актерларының рөлдерін керемет сомдап, сәл қақтығыс орын алса болды, аяқтарын жұлып алып кеткендей жерде уақыт созып жатумен болды. Қорытынды есеп – 0:1, турнир кестесінде «Ордабасы» «Қайсардың» алдына шығып кетті.