Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Илья Ильин атындағы спорт алаңы ашылды

 Илья Ильин атындағы спорт алаңы ашылдыҚызылордада ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин атындағы спорт алаңы ашылды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл спорт алаң зілтеміршінің өз қаражаты есебінен салынды. Өткен жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның демеушілігімен 30 миллион теңге қаржы бөлініп, спорт алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді. 
Спорт алаңының аумағы толық қоршалып, 121 күл-қоқыс жәшігі, 64 дана орындық, 158 дана жарық шамдары орнатылды. Шағын футбол, шахмат, балалар ойыналаңы мен тренажер және стритбол алаңдары пайдалануға берілді. 
– Облыста спортқа қызығушылық танытушылардың қатары күннен-күнге артып келеді. Биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром, Нағи Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, қала орталығында Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешені және 3 мың орындық жабық футбол манежі бой көтереді. Мұның барлығы бұқаралық спортты дамыту үшін жасалып жатқан жасампаз жұмыстар, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Айта кетейік, шара Олимпиада чемпионының туған күніне жерлестерінің атынан үлкен сый болды. Спортшыларға қолдаудың артып келе жатқанына зілтемірші Илья Ильин ризашылығын білдірді. 
Салтанатты шарадан соң шағын футболдан әуесқойлар арасында жазғы маусым лигасының ойындары өткізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: