Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталдыҚызылорда қаласы, "Евразия" спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай кикбоксингтен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 2001-2002 және 2003-2004 жылдары туылған 300-дей спортшы фулл-контакт жүйесі бойынша сынға түсуде. Оның ішінде 30 кикбоксшылар Қызылорда облысының намысын қорғауда. 
Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, басқарма басшысы спорт ардагері Төлеген Анасбаевқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін табыстады.
Жарыстың бас төрешісі Сұлтан Қуандықовтың айтуынша, ел чемпионатында бірінші және екінші орындарды иеленген спортшылар ұлттық құрама команда сапына алынады. Аталмыш жарыс 2016 жылы болатын Әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегелерінің есімдері 31 мамыр күні белгілі болады. Жарыс күнде сағат 10.00-де, финалдық бәсекелер 31 мамыр күні сағат 10.00-де.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: