Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Нағи ауылында дзюдодан республикалық турнир өтеді

Нағи ауылында дзюдодан  республикалық турнир өтедіҮстіміздегі жылдың 20-21 маусым күндері Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында дзюдодан «Абзал и К» жүлдесі үшін 1999-2000, 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталады. Дүбірлі додаға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан Тәжікстан мемлекеттерінен 26 команда, 500-ге жуық спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. 
Мақсаты – Елбасының Жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортпен шұғылдынушылар санын арттыру, жастар арасында дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. 
Айта кетейік, дүбірлі дода Нағи Ілиясов ауылында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған спорт кешенінде өткізіледі. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар «Абзал и К» толық серіктестігінің медаль, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Жарыстың салтанатты ашылуы 20 маусым күні сағат 10.00-де болады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: