» » Асхат Тағыберген тұсаукесер ойынын өткізді

Асхат Тағыберген тұсаукесер ойынын өткізді

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар

Асхат Тағыберген тұсаукесер ойынын өткізді

 

Кеше Астана қаласындағы "Астана-арена" стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Чехиямен кездесті. Бұл ойында біздің құрама қарсыласынан 2:4 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетелік, бұл ойында Қызылорда футболының түлегі Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы тұсаукесер ойынын өткізді. Ол негізгі құрамда жасыл алаң төрінен табылды. Тоқсан минөт бойы қарсыластармен тайталасқа түсті. Қонақтар қақпасы маңында қауіпті шабуылдар ұйымдастыруға қатысты. 
Қазақстан құрамасы енді келесі ойынын 16 қарашада өткізеді. Бұл жолы сырт алаңда Түркиямен кездеседі.