Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ат спорты ойындарынан қоржынымыз жүлдеге толды

Ат спорты ойындарынан қоржынымыз жүлдеге толдыБатыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Қазақстан Республикасының  жастар арасындағы көкпардан  - XI, аударыспақтан - XI,  теңге ілуден – IX,  жамбы атудан – I чемпионаттары аяқталды. Еліміздің 9 облысынан қатысқан аталмыш додада Сыр өңірінің спортшылары  ұлттық ат спорты түрлерінен  сынға түсіп, 5 жүлдені иеленді. 
Бес күнге созылған жарыс қорытындысында көкпардан Қызылорда облысының көкпаршылары осымен екінші мәрте ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Бірінші орынды – Оңтүстік Қазақстан облысының командасы жеңіп алса, қола медаль Жамбыл облысының командасына бұйырды. 
Жарыс бағдарламасына сәйкес аударыспақ шеберлері 5 салмақ дәрежесінде күш сынасты. 60 келі салмақта шеберлік байқасқан жерлесіміз Бердібек Жорабек  өзінің мықты екенін дәлелдеп, 2 дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Ал +80 келіде Ерсұлтан Исабек қола медальға ие болды. Жамбы атудан Жәдігер Айназар қола жүлдені еншілесе, теңге ілуден Шыңғысхан Мұхамедқали төртінші орынды иеленді.
 Облыстың аға жаттықтырушысы Ғабит Махатаевтың айтуынша, облыстың құрама командасы үстіміздегі жылдың тамыз айында Көкшетау қаласында жасөспірімдер арасында болатын Қазақстан чемпионатына дайындалады. 
          
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: