» » «Қайрат» – «Қайсар» кездесуіне төрешілер бекітілді

«Қайрат» – «Қайсар» кездесуіне төрешілер бекітілді

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында Алматыда өтетін «Қайрат» - «Қайсар» кездесуінің төрешілер алқасы бекітілді.
Айта кетейік, ұлттық құрамамыздың «Еуро-2016» іріктеу додасындағы ойындарына байланысты орын алған ел чемпионатындағы үзіліс қазанның 18-і күні аяқталады. Қызылорданың «Қайсары» Алматыға қонаққа барып, жергілікті «Қайратпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Төрешілер және нұсқаушылар департаменті «Қайрат» - «Қайсар» кездесуіне бас төреші етіп тараздық арбитр Асхат Абданбаевты тағайындапты. Оған қос қапталда тараздық Дмитрий Филоненко мен екібастұздық Дмитрий Будниченко көмектеседі. Резервтегі төреші – алматылық Серік Қошқаров болса, бір күн бұрын өтетін аталмыш командалардың қосалқы құрамдары арасындағы ойында бас төрешінің қызметін Ерсұлан Жасыбай атқарады.
Жалпы, Алматының «Қайраты» биылдыққа «Қайсар» үшін алынбас қамал болып тұрған жалғыз команда. Әйтпесе, биылғы маусымда қызылордалықтар барлық командадан ұпай алған. Алдымызды орап кетіп жатқан «Қайрат» қана. Бәлкім, осы жолы қарымта қайтарудың сәті түсер.