» » Сербия және Албания құрамалары неге төбелесті? (СУРЕТ, ВИДЕО)

Сербия және Албания құрамалары неге төбелесті? (СУРЕТ, ВИДЕО)

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар

Сербия және Албания құрамалары неге төбелесті? (СУРЕТ, ВИДЕО)

 
Футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында өткізілген Сербия мен Албания құрамалары арасындағы кездесу соңына дейін созылған жоқ. Жасыл алаң үстіндегі тәртіпсіздікке байланысты төреші шешімімен ойын 41 минөтте тоқтатылды. 
Бірінші кезеңнің соңына таман стадионда тәртіпсіздік басталды. Албан жанкүйерлері жайғасқан жақтан ұшу аппараты алаң үстінде тұрды. Онда қолдан басқару тегімен жүргізілетін еді. Оған Ұлы Албания картасы бейнеленген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оны ойынға арнайы келіп, VIP аймақта отырған Албанияның Премьер-Министрінің бауыры басқарған көрінеді.
 

Сербия және Албания құрамалары неге төбелесті? (СУРЕТ, ВИДЕО)


Серб қорғаушысы аталмыш транспарантты жыртып тастады. Осыдан кейін екі құрама ойыншылары арасында жаппай төбелес басталып кеткен. Ойынның бас төрешесі ағылшын Мартин Аткинсон кездесуді біршама уақыт тоқтата тұруға шешім қабылдады. Жергілікті сақшылардың көмегімен жағдай біршама уақыттан кейін түзелді. Дегенмен, Албания футболшылары жасыл алаңға шығудан бас тартты. 
Естеріңізде болса, Сербия мен Албания елдері арасында Косово мәселесіне байланысты шешілмеген дау бар. Негізінде мұндай саяси жағдайды бастан өткізіп отырған мемлекет құрамалары бір топқа тоғыспайтын еді. Өкінішке орай, УЕФА басшылары екі құраманы неге бір топта сынға түсуге шешім қабылдағаны әлі белгісіз. Мәселен, соңғы он жылдан бері Әзірбайжан мен Армения құрамалары бір-бірімен ойнамайды. Сонымен қатар, Ресей мен Грузия да өзара шеберлік байқаса алмайды. Ендігі уақытта Ресей мен Украина, Испания мен Гибралтар да бір топта ойын көрсетпейді деген шешім қабыланған. 
 

 

Сербия және Албания құрамалары неге төбелесті? (СУРЕТ, ВИДЕО)