Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Щербаченко "Қайсар" футболшыларымен кездесті

«Қайсар» футболшылары жаңа жаттықтырушымен танысты. Қызылордаға келген жаңа бапкерді командаға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев таныстырды. Бұл жайында "Қайсардың" баспасөз қызметі хабарлады.
 
 
 

 

Сыр еліне таңертең келген Федор Щербаченко алдымен облыс басшылығымен кездесіп, алдағы жұмыстар жайлы талқылады. Ал кешкісін жаңа бас бапкер «Қайсар» мен «Байқоңыр» командаларының арасындағы жолдастық кездесуді бақылап, футболшыларға нұсқау беріп отырды. Ал ойын 3:1 есебімен «Қайсардың» пайдасына аяқталды. «Қайсар» сапынан Фархадбек Ирисметов, Римо Хунт және Елжас Алтынбеков гол соқса, «Байқоңыр» сапында Самат Балымбетов тура соққысымен көзге түсті.
Дүйсенбі күні Федор Анатольевич облыс басшылығымен қайта кездесіп, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері болу жайлы келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
Жалпы, 52 жастағы ресейлік маман бұған дейін «Кубань», «Томь», «Москва», «Балтика», «Губкин», «Мордовия», «Ротор» сынды клубтарда қызмет атқарып, «Мордовияны» өз тарихында тұңғыш рет Ресей Премьер-лигасына шығарған. Соңғы командасы – Арменияның «Улисс» командасы.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорданың «Қайсары» Қазақстан Премьер-лигасының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша соңғы орынды қорытындылап тұр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: