» » Кубокта «Қайсар» «Ақтөбемен» ойнайды

Кубокта «Қайсар» «Ақтөбемен» ойнайды

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Кубокта «Қайсар» «Ақтөбемен» ойнайды25 сәуірде футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Жарыстың осы кезеңіне шыққан 16 команда өздерінің қарсыластарын анықтады.
Қызылорданың «Қайсары» бұл жолы Ақтөбенің «Ақтөбе» командасымен жұп құрады. «Ақтөбе» еліміздің бес дүркін чемпионы болумен қатар 2008 жылы Қазақстан кубогын да төбесіне көтерген еді. Ал «Қайсар» 1999 жылы осындай биіктен көрінді. Өкінішке орай, осыдан кейін мұндай жетістікке қол соза алмай келеді. 
Үстіміздегі жылы «Қайсардың» алдына қойылған мақсаттың бірі – Қазақстан кубогына ие болу еді. Жерлестеріміз бұл мақсатты орындай ала ма? Өйткені, «Ақтөбе» оңай қарсылас емес. Командалар Қазақстан кубогында екі мәрте кездескен. Қуаныштысы, Қызылордада да, Ақтөбеде де сол кезде «Қайсар-Мұнай» деп аталған біздің команда 1/8 финалдық ойындарда орта жолда қалдырып, 1:0 жеңіске жеткен еді.  
Сондай-ақ, жарыстың осы сатысында 14 мамыр күні төмендегі жұптар өзара кездеседі:
«Қайрат» – «Гефест» 
«Тараз» – «Ордабасы» 
«Ертіс» – «Қызылжар» 
«Тобыл» – «Қыран» 
«Лашын» – «Шахтер» 
«Восток» – «Атырау» 
«Қайсар» – «Ақтөбе» 
«Астана» – «Астана-1964».