Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Алдан Балтаев Премьер-лигада 150 ойын өткізді

Алдан Балтаев Премьер-лигада 150 ойын өткізді«Тараз» командасына қарсы алаңға шыққан «Қайсардың» 26 жастағы қорғаушысы Алдан Балтаев өзінің Премьер-лигадағы 150-ші ойынын өткізді.
Жалпы, Алдан Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы матчын 2006 жылдың 19 қыркүйегінде өткізген. Қарағандыда өткен «Шахтер» - «Қайсар» кездесуі болатын. «Кеншілер» 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал Алдан 80-минутта Айдос Байтеновті алмастырды. Араға небәрі бес күн салып, «Тобыл» қақпасына өзінің Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы алғашқы голын соқты.
Содан бері Балтаев «Қайсар» сапында 145 ойын өткізіп, 7 голдың авторы атанды. Қалған бес ойынды «Ақтөбе» сапында өткізді.
2007/2009 жылдары Қазақстан жастар құрамасының сапында Еуропа чемпионатына дайындалып, екі кездесуге қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: