Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жаңақорғанда спорт кешені ашылды

Жаңақорғанда спорт кешені ашылдыБүгін аудан орталығында заманауи үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Кешеннің ашылу рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының С.Мұстафаев және аудан әкімі Р.Рүстемов қатысты.
–Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде осындай әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Соның бірі бүгін пайдалануға беріліп отырған спорттық сауықтыру кешені. Өскелең ұрпақтың дені сау, заман талабына сай қабілетті болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ендігі кезекте Жаңақорғанның жас жеткіншектері осы кешенде жаттығып, ел абыройын асқақтады деген сенімдеміз–деді облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова.
Өз кезегінде кент ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Махмұтлы елдің атынан ризашылығын жеткізіп, жас спортшыларымыз алдағы уақытта дүбірлі додаларда намысты қолдан бермей көк байрағымыздың биіктен желбіреуіне ақ батасын берді.
Спорттық сауықтыру кешенінде спорттың волейбол, баскетбол, бокс түрінен түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ заманауи спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаттығу залы да бар.
Айта кету керек, кешеннің ашылу салтанатымен қатар, волейболдан аудан әкімінің жүлдесі үшін аудандық ашық турнир өтуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: