Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Шу-Ұлытау» марафонына қатысушылар Жаңақорғанға жетті

«Шу-Ұлытау» марафонына қатысушылар Жаңақорғанға  жеттіҚазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Алматы марафоншылары клубының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Шу-Ұлытау» марафоны Жаңақорған ауданына жетті. Оларды ескі Сауран қаласының тұсынан аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет пен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Рахымжанов бастаған бір топ азаматтар күтіп алды. 
Аудан әкімінің орынбасары желаяқтарды игі бастамаларымен аудан жұртшылығы атынан құттықтап, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, марафоншыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Соңынан Қызылордаға қарай аттанушы топты аудан спортшылары Шиелі ауданының шекарасына дейін бірге жүгіріп, алыс сапарға шығарып салды.
Айта кетейік, қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Шу-Ұлытау» марафоны Шу қаласынан бастау алған. Мақсаты: Керей мен Жәнібек хан көтерген көк тудың көшірмесін өздері межелеген шақырымдарды жүгіріп өткен соң, ҚР Президентінің мұражайына табыс ету. Құрамы 18 адамнан тұратын марафоншылардың ең үлкені 68 жастағы алматылық марафоншы Марат Балтабаев екен. Жалпы, 1500 шақырым жерді жүгіріп өтетін желаяқтар 22 тамыз күні Ұлытауға жетуді жосарлауда.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: