Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Паралимпиялық ойындардан олжалы қайтты

Паралимпиялық ойындардан олжалы қайттыПавлодар қаласында еліміздің 4-ші Паралимпиялық ойындары өтуде. Онда барлық облыстардан келген 600-ге жуық спортшы суда жүзу, пауэрлифтинг, оқ ату, жеңіл атлетика, волейбол, үстел теннисі, арбамен билеу секілді спорттың 7 түрінен бақ сынауда.
Жарыста әзірге Сыр елінің спортшылары 4 медаль олжалады. Атап айтсақ, 45 келі салмақта өнер көрсеткен Кабира Асқарова чемпион атанды. Сонымен қатар, ол 82 келіні көтеріп, Қазақстан рекордын жанартты. 65 келіде Айбек Абжан алтын жүлдені иеленсе, 45 келіде Алтынгүл Иманбаева мен 54 келіде Ерболат Әлімбетов күміс жүлдені еншіледі. Жарыс ертең 23 тамызда аяқталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: