Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

2024 жылғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтуі мүмкін

2024 жылғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтуі мүмкінАҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитеті Лос-Анджелес қаласының 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінішін ресми түрде қабылдады. Бұл бәсекеде сонымен бірге Париж, Рим, Будапешт және Гамбург сынға түспек. 
Алдағы уақытта дүбірлі доданы қабылдайтын үміткерлер қатарына сондай-ақ үндістандық Ахмадабад, әзірбайжандық Баку және канадалық Торонто да кіруі әбден мүмкін. Өтініштерді тапсырудың ең соңғы мерзімі 2015 жылғы 15 қыркүйекке белгіленіп отыр. Ал 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу орны 2017 жылы белгілі болмақ. Эрик Гарсетти, Лос-Анджелес қаласының мэрі: - Олимпиада ойындарын өткізу – кез келген қала үшін үлкен құрмет. Және Лос-Анджелес мұндай ауқымды шараны қабылдауға дайын деп айта аламын. Қалалық кеңестің қолдауымен біз Олимпиада қозғалысын дамытуға барымызды саламыз.

24.kz 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: