» » Рүстем Сыбай – Азия чемпионы

Рүстем Сыбай – Азия чемпионы

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
 Рүстем Сыбай – Азия чемпионы Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан  Азия чемпионатында жерлесіміз Рүстем Сыбай алтын медальға қол жеткізді.
Ол 94 келі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтеруде 167 келіні, серпе көтеруде 216 келіні көтеріп, қоссайыста 383 келіні бағындырды.
Рүстем бұған дейін жасөспірімдер арасында және жастар арасында 3 дүркін Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдесін (Ташкент 2009 ж.) иеленсе, I жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Сингапур, 2010 ж.) атанды. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі.
Рүстемді жарысқа елімізге белгілі спорт майталманы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин дайындады.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қараша айында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын Алмас Өтешов, Александр Зайчиков және Рүстем Сыбайлар қорғайды.