» » "Қайсар" аруы – 2014" сұлулық байқауы басталды

"Қайсар" аруы – 2014" сұлулық байқауы басталды

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
"Қайсар" аруы – 2014" сұлулық байқауы басталды«Қайсар» аруы атанғың келе ме? Ендеше, құрметті жанкүйер, «Қайсар» футбол клубының арулар байқауына қатысып, бағыңды сынап көр. Сенің суретің сайтымыздың төрінен орын алады. 
Қатыс! Командаға қолдау көрсет! Сұлулығыңды көрсет!
Жалпы ережесі
«Қайсар» аруы» — 2014» байқауына 16 жастан асқан кез-келген нәзік жанды жанкүйерлер қатыса алады. Ол үшін өздеріңіздің футбол тақырыбына байланысты фотосуреттеріңізді және өзіңіз туралы толық ақпаратты (туған жыл, бойы/салмағы, жұмысы, хоббиі, мекен-жайы, координаты) клубтың электронды поштасына (fc_kaysar@rambler.ru) жіберулеріңіз керек. Суреті осы айда үздіктер қатарынан көрінбеген үміткер келесі айға қайта қатыса алады. Бірақ, ол кезде басқа суретпен байқауға түсуі керек.
       «Қайсар» аруы» байқауы мамырдың 1-і күні бастау алып, 15 қараша күні мәресіне жетеді. Екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде айлардың (мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) үздік жанкүйер арулары анықталады*1. Бұл кезеңде әділ-қазылардың міндеттерін «Қайсар» командасының футболшылары атқарады*2.
Сөйтіп, алты айдың қорытындысы бойынша, финалдық кезеңге 12 қыз жолдама алады. Яғни, әр айдың үздіктері және екінші орын алған қатысушылар. Финалдық кезеңде 2014 жылдың «Қайсар» аруы» клубтың ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады.
Байқаудың мерзімі мен кезеңдері
1 мамыр мен 15 қараша аралығы. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 1 мамыр мен 1 қараша аралығы. Екінші кезең – қарашаның 1-і мен 15-і аралығы.
Әділ-қазылар
Бірінші кезеңде әділ-қазылардың міндетін футболшылар анықтап, әр айдың үздік шыққан аруларын «Қайсар» ойыншылары анықтайды. Финалдық кезеңде «Қайсар» аруы» - 2014» клубтың ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады.
Қатысушылар жасына қойылар талап
Байқауға 16 жастан асқан арулар қатыса алады.
Фотосуреттерге қойылар талап
Фотосуреттер jpeg, png немесе gif форматтарында болулары тиіс. Суреттер футбол тақырыбында болулары қажет. Егер «Қайсар» футбол клубының атрибутикалары қолданылған болса, нұр үстіне нұр.
 
*1 – Әр айдың қорытындысы бойынша клубтың ресми сайтында байқауға қатысқан арулардың суреттері жарияланып, айдың жеңімпаздары анықталады. 
*2 – Футболшыларға байқауға түскен арулардың суреттері көрсетіледі. Олар үздіктерді 1-ші, 2-ші және 3-орын деп дауыс беріп, анықтаулары тиіс.
 
 www.fckaysar.kz