» » Жалағашта найза лақтырып жарысады

Жалағашта найза лақтырып жарысады

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Жалағашта найза лақтырып жарысадыЖалағаш ауданының әкімі Серік Сермағанбетов "Наркескен" спорт клубының спортшылары, найза лақтырудан ҚР үш дүркін чемпионы Нұржан Скендір және Ғаламат Әуесбайды қабылдады.
Бұл спорт түрі әзірге облыста Жалағаш ауданында ғана бар. Найза лақтыру спорты  2013 жылдан бері дамып келеді. Аудан әкімінің қолдауымен 2013 жылы спорт клубқа спорттық құрал-жабдықтар алуға қомақты қаражат бөлініп, Нұржан мен Ғаламаттың толыққанды шынығуына септігін тигізді. Нәтижесінде Бұқарбай батыр ауылының тумасы 1997 жылы туылған Нұржан Скендір 2013 және 2014 жылдың наурыз, сәуір айларында Алматы, Шымкент қалаларындағы республика чемпионаттары мен спартиакаларында 3 мәрте абсолютті чемпион атанып, жуырда Бангок қаласында өтетін Азия біріншілігіне жолдама алды. Әлемге белгілі көпсайысшы Дмитрий Карпов көпсайыста найзаны 46 метрге лақтырса, Нұржан жекелей сайыста найзаны 53 метрге лақтырды. Қазақтың найзасын лақтырудан чемпион атанған Бұқарбай батыр атындағы ауылдың қазақ жігіті Нұржан келешекте Олимпиада чемпионы атанатына уәде беріп, ұлттық спорт түрі найза лақтыруды дамытқысы келетінін айтты.
«Ал Аққұм ауылының тумасы, 1998 жылы дүниеге келген Ғаламат Әуесбай жоғарыда аталған сайыстарда қола жүлдегер атанды. Қос жеңімпаз өздеріне қолдау білдіріп отырған аудан әкімі С.Сермағамбетовке және жаттықтырушылары М.Қарақұлов пен Ж.Қарақұловқа алғыстарын білдірді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.