Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әбіл Қалымбетовке арналған республикалық турнир аяқталды

Әбіл Қалымбетовке арналған республикалық турнир аяқталдыОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен 2-7 қараша аралығында футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Шымкент қалаларынан және Қызылорда облысынан10 команда қатысты. 
Жарыс нәтижесінде Шымкент қаласының командасы көш бастаса, екінші орындыҚайсар футбол орталығының командасы, үшінші орынды облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі № 6 спорт мектебі иеленді. Ал Ақтөбе қаласының командасы төртінші орынды қанағат тұтты. 
«Үздік қақпашы» - Нұрмат Сәрсенов («Қайсар» футбол орт.)
«Үздік қорғаушы» - Данияр Абдуллин (Ақтөбе қ.)
«Үздік жартылай қорғаушы» - Ердос Тұрмағанбетов (Шымкент қ.)
«Үздік шабуылшы» - Аян Құлмағамбет (№6 облыстық футбол спорт мектебі)
«Үздік ойыншы» - Шәріп Нұрислам (Шымкент қ.)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: