Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Венгрия ЕУРО-2016 додасына жолдама алды

Венгрия ЕУРО-2016 додасына жолдама алдыФутболдан Венгрия құрамасы 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа біріншілігіне қатысатын құрамалар қатарына қосылды. Осылайша олар дүбірлі додада бақ сынайтын 21-құрама саналады. 
Венгрия өз алаңында Норвегияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл құрама одан бұрын сырт алаңда да қарсыластарын 1:0 есебімен жеңіп келген еді. Айтпақшы, бұл құрамаға кезінде Қазақстан құрамасын жаттықтырған неміс маманы Бернд Шторк бапкерлік жасайды.
Венгриядан өзге  алаң иелері – Франция, Испания, Германия, Англия, Португалия, Бельгия, Италия, Ресей, Швейцария, Австрия, Хорватия, Чехия, Польша, Румыния, Словакия, Түркия, Исландия, Уэльс, Албания, Солтүстік Ирландия бар. 
Енді 16-17 қараша күндері Босния және Герцоговина мен Ирландия, Украина мен Словения, Швеция мен Дания құрамалары қалған төрт жолдамаға өзара таласқа түседі. Аталмыш құрамалардың алғашқы кездесуінде  төмендегіше есептер тіркелді: Швеция – Дания 2:1, Украина – Словения 2:0, Босния және Герцеговина – Ирландия 1:1. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: