Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ТАРАЗДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ ӨТЕДІ

ТАРАЗДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ ӨТЕДІҚазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Таразда ҚР Қазақ күресі федерациясы кубогы турнирі өтеді, деп жазады kazakhstanbarysy.kz сайты.
ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев желтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында федерация кубогының өтетіндігі туралы мәлімдеді.
Кубоктың бекітілген регламенті бойынша кубокка 18 жастан асқан палуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қатыса алады. Турнир Олимпиадалық схема бойынша өтеді.
Міндеттелген шарт бойынша кубокка қатысушы палуан клуб мүшесі болуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір команда қазақ күресінің клубы екендігін көрсетуі қажет. Турнирдің жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: