Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫБүгін, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновтың қатысуымен "Тарлан" бокс орталығының ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш нысан Қазақстан бокс федерациясының қаржысынан салынған заманауи үлгідегі республика бойынша үшінші ғимарат. Ашылған бокс орталығының аумағы 1720 шаршы метрді құрайды. Спорт кешені 25 адамға арналған жатақханамен, мини-футбол алаңы және 3 жолақты жүгіру жолымен жабдықталған. Екі қабатты спорт кешенінде бокс, таэквондо, күрес түрлері және үстел теннисіне арналған жаттығу залдары бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: