Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

СЫР ӨҢІРІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ 25,3 ПАЙЫЗЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНАДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ 25,3 ПАЙЫЗЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНАДЫОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев биылғы жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайлы және алдағы міндеттер туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Оның айтуынша, облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесі 25,3 пайызға жетті. Ал халықтың спорттық нысандарға деген қолжетімділігін арттыру мақсатында Нағи Ілиясов ауылында осы ауылдың инвесторы қаржысына стадион мен спорт кешені биыл қолдануға берілсе, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Сондай-ақ, ұлттық ат спорты түрлерін дамыту мақсатында 3000 орындық ипподром пайдалануға берілді. Бұған қоса Қазақстан бокс федерациясының қаржысына қаламызда бокс орталығы салынды. Мұның барлығы мемлекет пен жекенің әріптестігі негізі аясында салынған спорт нысандары.
Жыл басынан бері аймақ спортшылары ҚР чемпионаттарында 467 медальды иеленді. Оның ішінде 153 алтын, 121 күміс, 193 қола медаль бар. Азия және әлем біріншіліктерінде 44 медальға қол жеткіздік. Оның жартысы алтын, қалғандары күміс, қола медальдар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: