Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫЗЫЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫЗЫЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ Бүгін, "Сыр медиа" ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында мәнерлеп сырғанаудан ҚР спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева мен ата-анасының және басқарма басшысы Садық Мұстафаевтың қатысуымен пресс-конференция өтті.
Э.Тұрсынбаева биылғы жылы өткен 3 халықаралық турнирдің біреуінде топ жарса, екеуінде күміс жүлдегер атанды. Ал Гран-при жарысында 4-ші орынды иеленді. Оның алдағы мақсаты Қызылордада болатын Қазақстан чемпионатына, 2016 жылы ақпан айында Лиллехаммер (Норвегия) қаласындағы жасөспірімдер Олимпиадасына, наурыздың басында Венгрияда жастар арасында және наурыздың ортасында Америкада өтетін ересектер арасындағы Әлем чемпионатына қатысып, Еліміздің Әнұранын шырқату.
Айта кетейік, 20-21 желтоқсан күндері Қызылорда қаласы "Мұз айдыны" СК мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өткізіледі.
Қызылордалықтарды Элизабет Тұрсынбаеваның өнерін тамашалауға шақырамыз. Спортшыларымызға жанкүйер болыңыздар. Салтанатты ашылуы 20 желтоқсан сағат 12.00, кіру тегін.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: