Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Алтын доп" кімге бұйырады?

"Алтын доп" кімге бұйырады?Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жылма-жыл әлемнің ең үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" сыйлығын иесін табыс етеді. Алдымен үміткерлердің тізімін жариялап отырады. ФИИФА осы дәстүр бойынша өзінің ресми сайтында таңдаулы деп саналған 23 футболшыны атап өтті. Олар 2014 жылдың ең үздік ойыншысы деген атаққа таласатын болады.
Олардың жалпы тізімі төмендегіше: Бастиан Швайнштайгер, Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Мануэль Нойер (барлығы Германия және «Бавария» өкілдері), Арьен Роббен (Голландия, «Бавария»), Гарет Бэйл (Уэльс, «Реал»), Карим Бензема (Франция, «Реал»), Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»), Тони Кроос (Германия, «Реал»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Хамес Родригес (Колумбия, «Реал»), Диего Коста (Испания, «Челси»), Тибо Куртуа (Бельгия, «Челси»), Эден Азар (Бельгия, «Челси»), Анхель ди Мария (Испания, «Манчестер Юнайтед»), Златан Ибрагимович (Швеция, ПСЖ), Яя Туре (Кот-д`Ивуар, «Манчестер Сити»), Поль Погба (Франция, «Ювентус»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Неймар (Бразилия, «Барселона»), Хавьер Маскерано (Аргентина, «Барселона»), Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»).
Финалға бұлардың үшеуі ғана өтеді. Ал, "Алтын доп" иегері келер жылдың 12 қаңтарында Цюрих қаласында белгілі болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: