Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"ҚАЙСАР" МЕН "БАЙҚОҢЫР" БІРІНШІ ЛИГАДА ОЙНАЙДЫ

"ҚАЙСАР" МЕН "БАЙҚОҢЫР" БІРІНШІ ЛИГАДА ОЙНАЙДЫ
Алдағы жылы футболдан ел біріншілігінің бірінші лигасында "Қайсар" мен "Байқоңыр" да ойын көрсететін болады, деп хабарлайды Сейхун-инфо. Бұл жайында облыстық футбол федерациясының төрағасы қызметіне келген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев мәлім етті. 
Оның айтуынша, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың ұйғарымен екі команда да қалады. "Қайсар" бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Ал "Байқоңыр" "Қажымұқан" спорт клубының қарамағына өтеді. 
Қазіргі таңда екі командаға Сұлтан Әбілдаев пен Ерлан Шойтымов бапкерлік жасап жүр. Алдағы уақытта бұл мәселе толықтай шешімін табады деп күтілуде. 
Айта кетелік, "Байқоңыр" жергілікті футболшыларды қолдау мақсатында 2014 жылы құрылған. Сол жылы екінші лигада жеңімпаз атанып, биыл бірінші лигада 23 ұпай жинап, 13 команданың арасында 11 орынға жайғасты. Өкінішке орай, "Қайсар" Премьер-лигада соңғы 12 орын алып, төменгі топқа сырғып түсті.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: