Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

БАСКЕТБОЛДАН МЕКТЕП ЛИГАСЫ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

БАСКЕТБОЛДАН МЕКТЕП ЛИГАСЫ  БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫҚызылордада баскетболдан жалпы білім беретін және спорт мектептері оқушылары арасында «Мектеп лигасы» облыс біріншілігі басталды. Оған облысымыздың аудандары мен Қызылорда қаласынан 29 команда (11 команда – қыздар, 18 команда - ұлдар), 2000 жылы туылған және одан кіші жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты. 
Жарыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында баскетбол спортын насихаттау, тұрақты дене шынықтырумен айналысуға тарту, оқушылардың денсаулықтарын нығайту және жас спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау болып табылады.
Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ, Ұлттық баскетбол федерациясының Қызылорда облысы бойынша және «Қор» мұнай компаниясының директоры Марат Нұрпейісовтың атынан кеңесшісі Қанат Қизатов жарысқа қатысушы командаларды құттықтап, ойын формасы мен доптарды табыстады. 
Аталмыш шара сәуір айына дейін жалғасады. Келесі жылдың 4-10 қаңтар аралығында жарыстың 2-ші айналымы болса, сәуір айында плей-офф ойындары өтеді. Ойындар 3 залда («Мұз айдыны» СК, № 12, 164 орта мектептер) өтуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: