Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫСыр елінде тағы да қуанышты жаңалық. Велоспорттан Азия чемпионатының күміс және қола жүлделерін қызылордалықтар жеңіп алды.
Үстіміздегі жылдың 26-30 қаңтар аралығында Жапонияның Токио қаласында велоспорттан Азия чемпионаты өтуде. Аталмыш бәсекеде скретч сайысында ересектер арасында сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Роберт Гайнеев күміс жүлдені иеленді. 
Ал жастар арасында № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алатын Карим Бузин 4 шақырымдық командалық жарыста қола жүлдегер атанса, скретч сайысында 4-орынды иеленді. 
Енді Р.Гайнеев пен К.Бузин үстіміздегі жылдың тамыз айында өтетін Әлем чемпионатына дайындалады. Қос спортшыны жарысқа Руслан Ягафаров пен Берік Көпешов дайындады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: