Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САМБОШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САМБОШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫАтырау қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 
Айтулы жарыста облысымыздың намысын қорғаған жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальдарды иеленді. 56 келі салмақта өнер көрсеткен Жансая Мұрат, +80 келіде Қымбат Тұршабек пен 100 келіде Мақсат Исақабыловтар ел чемпионы атанды. 
Ал 62 келіде Дархан Сержанов пен 82 келіде Батыр Мұқатаев күміс жүлдені еншілесе, 52 келіде Руслан Қаражігітов, 68 келіде Мақсат Нұрәлиев, 74 келіде Динара Қодарова мен Мереке Құдайбергеновалар чемпионаттың қола жүлдесіне ие болды. 
Жеңімпаз атанған 3 спортшы мамыр айында Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) болатын Азия чемпионатына және қарашада Софияда (Болгария) өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: