Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әлем чемпионаты: Алексей Ни таңдауы

Әлем чемпионаты: Алексей Ни таңдауыХалықаралық ауыр атлетика федерациясы 8-16 қарашада Алматыда өтетін Әлем чемпионатына спортшыларды тіркеуді аяқтады, деп хабарлайды Қазспорт.
Жарысқа 683 зілтемірші қатысады. Оның 279-ы әйелдер, 404-і ерлер. Қазақстан намысын Әлем чемпионатында 15 спортшы қорғайды. Қосалқы құрамда тағы 4 спортшы бар.
Сонымен қатар,  Беларусь, Қытай, Колумбия, Эквадор, Мысыр, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Польша, Ресей, Тайланд, Түркия, Украина және АҚШ толық құраммен қатысады. Яғни, әр ел 15 спортшыдан алып келеді.
Ел намысын қорғайтындар - Маргарита Елисеева (48 келі), Зульфия Чиншанло (53 келі), Сәуле Сәдуақасова (58 келі), Майя Манеза (63 келі), Карина Горичева (63 келі), Жазира Жаппаркұл (69 келі), Гүлназ Наурызова (69 келі), Светлана Подобедова (75 келі), Анна Нұрмұхамбетова (75 келі), Арли Чонтей (56 келі), Альберт Линдер (69 келі), Кирилл Павлов (77 келі), Медет Жүндібаев (77 келі), Владимир Седов (94 келі), Рүстем Сыбай (94 келі), Илья Ильин (105 келі), Жасұлан Қыдырбаев (105 келі), Ибрагим Берсанов (+105 келі), Селимхан Абубакаров (+105 келі).
Әлем біріншілігін Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы қабылдайды. Бұл жарыста 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия беріледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: