Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Серхио Мора жақсы гонорар үшін Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын

Серхио Мора жақсы гонорар үшін Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайынСерхио Мора Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Оның ойынша, Головкин – орта салмақтағы бокшылар арасындағы ең мықтысы. Бұл жайында vesti.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Айта кетейік, Мора осыға дейін қазақстандық боксшыны бірнеше рет кездесуге шақырған. «Менің ойымша, Рубио артық салмақ қосқанына байланысты 100 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлегенін ескерсек, шамамен 600 мың АҚШ долларын алды. Кертис Стивенске 300 мың, ал Гилге 600 мың берілді. Егер мен де осындай гонорарға келісе алсам, біздің кездесу Головкин Мюррейді накаутқа жібергеннен кейін болады. Жекпе-жек құны 500, 600, 700 мың көлемінде болса, қарсы емеспін Себебі, бұл – жақсы баға. Ал 100, 200 мың болған жағдайда, Дэниел Джейкобс, Джермен Тейлор сынды боксшылармен кездесемін». Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні Монакода Головкин мен Мартин Мюррей арасында кездесу өтеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: