Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Нұрбол Жұмасқалиев рекорд орнатты

Нұрбол Жұмасқалиев рекорд орнаттыҚостанайлық «Тобылдың» футболшысы, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Нұрбол Жұмасқалиев премьер-лигадағы өзінің жеке рекордын жаңартты. Бұл туралы sportnews.kz хабарлайды.
Талдықорғанның «Жетісу» командасына қарсы ойында команда капитаны Жұмасқалиев 148-голын соғып, жаңа рекордын орнатқан болатын. Сондай-ақ «Тараз» командасымен кездесуінен кейін оның еншісінде 155 гол болатын. Жаңа маусымда «Жетісу» командасымен болған матчта 156-голын соқты. Осылайша сұрмерген Қазақстан чемпионатында ең көп гол салған ойыншы ретінде көш бастады. Ал одан кейінгі сатыда 147 гол салған Мұрат Тілешев тұр. Қазақстан Чемпионатының үздік сұрмергендері: 1. Нұрбол Жұмасқалиев – 156; 2. Мұрат Тілешев – 147; 3. Олег Литвиненко – 147; 4. Нұркен Мәзбаев – 142; 5. Андрей Мирошниченко – 115; 6. Ұлықбек Бақаев – 111.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: