Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АРАЛ АУДАНЫНДА БӘЙГЕДЕ АВТОКӨЛІК ТІГІЛДІ

АРАЛ АУДАНЫНДА БӘЙГЕДЕ АВТОКӨЛІК ТІГІЛДІБүгін ауданға қарасты Сексеуіл кентінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Спорт күніне орай ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыс өтті. 
Дүбірлі додаға Арал ауданы және Қазақстанның әр аймағынан, Қызылорда облысы аудандарынан 31 шабандоз қатысты. Ұлттық ат спортының түрлері «Тай жарысы», «Құнан бәйгесі», «Топ бәйгесі» және «Аламан бәйгесі» бойынша топ жарған 1-орын иегерлері автокөлік және мотоцикл иеленді. Қалған 2,3,4,5-ші орынды иемденген жарыс қатысушыларына 700 мың теңге мен 50 мың теңге аралығындағы ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттап, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-салтымыздың мұрагерлері шабандоздардың шеберлігін шыңдауды мақсат еткен ат жарысы жоғары деңгейде өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: