Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКСТАН КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ ӨТПЕК

 

Үстіміздегі жылдың 9-11 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында бокстан Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі өтеді.
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Оған Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарының құрама командалары қатысады. Жарыс 10 салмақта (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 келі) өткізіледі. 
Іріктеу кезеңінен өткен команда үстіміздегі жылғы 3 желтоқсанда Алматы қаласында өтетін жартылай финалға жолдама алады. Ақтық бәсеке 4 желтоқсан күні болады.  Финалда 1-орынды жеңіп алған команда Конфедерация кубогының иегері атанады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: