Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР «ҚАЙСАР» АРДАГЕРІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСАДЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР «ҚАЙСАР» АРДАГЕРІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСАДЫҮстіміздегі жылдың 9-14 қыркүйек аралығында  футболдан 2005 жылы туылған  жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Жарыста Қызылорда қаласының «Автомобилист», Алматының «Қайрат» шеберлер командасының ардагер ойыншысы, Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтың жүлдесі сарапқа салынады. 
Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және  Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысады. Жарыста жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлері кубок, диплом, медаль  және естелік сыйлықтармен марапатталады. 
Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы. Жарыстың  басталуы 9 қыркүйек сағат 9.00 де,  ашылу салтанаты сағат 10.00 де «Локомотив» стадионында.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: