Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

 

Қазалыда аудандық футбол федерациясы қайта құрылып, алқа құрамы сайланды. 
Федерация құрамы мүшелерінің дауыс беруі нәтижесімен федерация президенті болып Фердоуси Қожабергенов сайланды. 
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Н.Шамұратов бұқаралық футболды дамыту жұмыстарын жалғастыру жолында жаңа құрамға сәттілік тіледі.
Аудандық футбол федерациясының құрамында Қазалы аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев, «Көркем-сервис» ЖШС директоры Дәулетбек Тұяқбаев, «РЗА-АГРО» ЖШС директоры Нұрлан Имандосов, Қазалы көлік-техникалық колледжінің директоры Болат Ахметов, «МО-І» ЖШС директоры Сәбит Өтегенов, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қайрақбай Орынбасаров, №16 мектептің директоры Ерлан Өтепбергенов, ірілендірілген Қазалы жол дистанциясының бастығы Бек Бердалиев, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Уәлихан Ықыласов, № 249 мектеп-лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Олжас Орынбеков, Қазалы спорт клубының футболдан жаттықтырушысы Дархан Ысқақов, ардагер спортшы Нұрылда Байсақалов, жеке кәсіпкерлер – Нұртай Аманов пен Нұрлан Қожабергеновтер бар.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: