Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Зайчиков спорттық формасын музейге тарту етті


Зайчиков спорттық формасын музейге тарту етті

 

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Александр Зайчиков облыстық музейге спорттық формасын сыйға тартты.
Музейде белгілі ауыр атлет жұртшылықпен жүздесіп, айтулы аламаннан алған әсерімен бөлісті. Музей қызметкерлері спортшыға ризашылығын білдірді.
А.Зайчиков 1992 жылдың 17 тамызында Беларусь мемлекетінде дүниеге келген. 2015 жылғы әлем чемпионы, 2015 жылғы Президент кубогының жүлдегері болған. Спорттық жолын Қызылорда қаласында Арман Әбдіреев, Вилорий Пак, Нұржан Смаханов сынды бапкерлердің тәлімін алудан бастаған. 2008 жылы жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанса, 2009 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында күміске қол созды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: