Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛАДЫ

 


 

11-12 қыркүйек күндері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтеді.
12 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылатын жарысқа  Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарынан 150-дей спортшы қатысады. 
Жарыс ерлер арасында 7 салмақта (62, 68, 75, 82, 90, 100, +100 келі), әйелдер арасында 5 салмақта ( 52, 58, 66, 76, +76 келі) өткізіледі. 
Дүбірлі бәсекеде жеңімпаз спортшыларға ҚР спорт шебері атағы беріледі. Бұл жарыс қараша айында Ресейде болатын Әлем кубогына спортшыларды іріктеу болып табылады. 
Ел кубогы 11 қыркүйек  күні сағат 10.00-де  басталады, салтанатты ашылуы сағат 11.00-де. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: