Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАЛЫДА ШАБАНДОЗСЫЗ СӘЙГҮЛІК МӘРЕГЕ БІРІНШІ ЖЕТТІ

 ҚАЗАЛЫДА ШАБАНДОЗСЫЗ СӘЙГҮЛІК МӘРЕГЕ БІРІНШІ ЖЕТТІ

 

Ел ішінде Қарамолда әулие атанған Әл-мұхамед Қалдыбайұлының құрметіне арналған Қазалы ауданында өткен шара барысындағы ат бәйгесінде қызықты жағдай орын алды. 
Тоқ бәйге сайысы көпшіліктің есінде қалары анық. Ауыздығымен алысқан арғымақтар бәйгеге қосылған сәтте оқыс оқиға орын алды. Ат үстіндегі шабандоз ерден түсіп қалды. Соған қарамастан иесіз шапқан арғымақ бес айналым бойы алдына жан салмай бірінші келді. Жолынан жаңылмаған жылқының бұл қасиетіне жұртшылық таң қалды. Оған лайықты жүлде берілді. 
Тарихта мұндай оқиғалар болып тұрады. Талай додалы жарыста жүйріктер дәл осындай жағдайларда мәреге дейін жолынан жаңылмай жеткенін білеміз. Мұндай көріністер қазірде де кездесіп қалады.
Жалпы, жылқы малының сезімталдығы жайында ел арасында жиі айтылады. Қазалыдағы жағдай сол сөзімізге тағы бір дәлел бола алады.   
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: