Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН САЙЫС ӨТТІ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН САЙЫС ӨТТІ

 

Арал аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Арал аудандық бөлімі және «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кариана» бильярд клубында ауданның жас кәсіпкерлері арасында бильярдтан сайыс өтті.
Жас кәсіпкерлер арасында байланыс орната отырып, кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру, кәсіпкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды көздеген арнайы шараға Арал қаласы мен Сексеуіл кентінің 16 жас кәсіпкерлері ниет білдіріп, қатысқан болатын.
Сайыста ойыншылар өзара 2 топқа бөлініп, топ ішінде жұптасқан түрде ойын көрсетті. Ойыннан бөлек, қатысушы кәсіпкерлердің пікір алмасып, әңгімелесуіне де жағдай жасалып, кофе-брейк ұйымдастырылды.
Тартысты сайыс нәтижесі бойынша Дәрібаев Марат 1-орын, Мусаев Амантай 2-орын, және Сексеуіл кентінен келген кәсіпкер Нұрлан Тағаев 3-орынды еншіледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Жастар ресурстық орталғы» КММ-нің Арал аудандық бөлімі мен «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің дайындаған алғыс хаты мен арнайы сыйлықтарына ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: