Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әбіл Қалымбетов атындағы республикалық турнир аяқталды

Әбіл Қалымбетов атындағы республикалық турнир аяқталдыОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен 4-9 қараша аралығында футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда қатысты. 
Мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойынын дамыту, олардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, Ә.Қалымбетовты еске алып, ұлықтау.
Жарыс нәтижесінде Қайсар футбол орталығының командасы көш бастаса, екінші орынды облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі № 6 спорт мектебі, үшінші орынды Арал ауданының командасы иеленді. 
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Әли Бақыт (№6футбол спорт мектебі), «Үздік жартылай қорғаушы» Абдулла Сағынбай (Жалағаш ауданы), «Үздік қақпашы» Мұхансерік Қаналиев (Арал ауданы), «Үздік шабуылшы» Береке Ибрагим, «Үздік ойыншы» Мағжан Бауыржан (екеуі де Қайсар футбол орталығы) марапатталды. 
Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясының иегері М.Бауыржанға Ә.Қалымбетовтың жұбайы Дана Абылайқызы және «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері Нұрбек Сейітжанға «Дала қасқырлары» жанкүйерлер қозғалысының көшбасшысы Эрик Теңізбаев өздерінің арнайы сыйлықтарын табыстады. Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне медаль, кубок, дипломдар және естелік сыйлықтар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: