Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕРГЕНДЕР НЫСАНАНЫ ДӘЛ КӨЗДЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕРГЕНДЕР НЫСАНАНЫ ДӘЛ КӨЗДЕДІҮстіміздегі жылдың 27 қыркүйек-2 қазан аралығында Алматы қаласында стенд атудан  ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарыста облыстық жоғары спорт шеберлігі және №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің спортшылары төрт медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Шымкент, үшінші орында – Алматы қалалары.
Трап және дубль-трап бойынша Айжан Досмағамбетова 2 алтын медальді иеленді. Максим Коломоец дубль-траптан үшінші алтынды қоржынға салса, Виолетта Ягодарова қола жүлдеге қол жеткізді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: