Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА АЛДЫ

 ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА АЛДЫ

 

Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаев Facebook-тегі жеке парақшасында қызының қола медальға ие болғанын хабарлады. Бірінші орында - 2008 жылғы АҚШ чемпионы, төрт құрлық чемпионатының күміс және қола жүлдегері Мираи Нагасу. Екінші орында - 2016 жылғы Канада чемпионы 20 жастағы Ален Шартран, - деп жазады Қазақпарат. 
«Autumn Classik International Skate Canada Челленджер сериясының беделді халықаралық турниріне әлемнің 13 елінен 18 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан. Сарапшылардың айтуынша, алты спортшы ең жоғары нәтижелер көрсеткен: Мираи Нагасу (АҚШ), На Хен Ким (Корея), Рика Хонго (Жапония) , Марико Кихара (Жапония), Ален Шартран (Канада) және біздің Элизабет (Қазақстан)», - деп хабарлады спортшының әкесі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: