Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

 

Жексенбіде, 16 қазан күні Жаңақорған ауданында қоғам қайраткері және еңбек ардагері Мәшбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир қорытындыланды. 
14 қазанда басталған күрес сайысына Қазақстан, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстаннан барлығы 28 балуан қатысты.  Сайыс қорытындысының ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен өңіраралық әріптестік аясында делегацияны бастап келген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Олар спортшыларды дәстүрлі додамен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. 
Турнирдің қорытындысында жеңімпаздар диплом және алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. 
Түйе балуандар арасындағы тартысты күресте үшінші орынды және 300 мың теңге ақшалай сыйлықты грузин Гурами Тушивили алды. Бұдан бөлек, «Жан Арай» ЖШС директоры Бақдәулет Мақашев өз атынан Тушивилиге 1000 АҚШ долларын табыстады. 
Екінші орынды және 500 мың теңге ақшалай сыйлықты қазақстандық Айбек Нұғымаров жеңіп алды.
Бас жүлде «Лада Гранта» автокөлігіне Грузиядан келген Левани Матиашвили ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: