Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

БІРІНШІ ЛИГА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ – "ҚАЙСАРҒА" 20 МИЛЛИОННЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

БІРІНШІ ЛИГА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ – "ҚАЙСАРҒА" 20 МИЛЛИОННЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

 

Бүгін футболдан Қазақстанның Бірінші лигасы да мәресіне жетті, деп хабарлайды sportsffa.kz. 
Қызылорданың «Қайсары» жеңімпаз атанып, Премьер-лига жолдамасын жеңіп алса, шығыстың «Алтайы» 2-орынды иемденіп, екінші жолдаманы «Таразбен» болатын електік ойында сарапқа салады. Ал Петропавлдың «Қызыл-Жары» 3-орынды қанағат қылуға мәжбүр.
 
«Қайсар» «Алтайды» бірінші рет жеңді 

«Қайсар» (Қызылорда) – «Алтай» (ШҚО) 1:0 Гол: Марушко, 12. 
 Орталық ойын Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен «Алтай» арасында өтті. Дегенмен, шыны керек, осыдан бір апта бұрын бұл кездесудің маңызы бұдан да зор болатын. Ал «Алтай» 9 ұпайын қайтарып алған соң интригаға да орын қалмады. Алаң иелері де атойлап алға шаппады, қонақтар да аса қарсыласқан жоқ. Осылайша, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин және Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Бағлан Ергешов тамашалаған бұл матчтың тағдырын Матиц Марушконың 12-ші минутта соққан жалғыз голы шешті. Ал «Қайсар» Премьер-лига жолдамасынан бөлек, облыс әкімдігі табыстаған 20 млн. теңгенің сертификатын иеленді. Айтпақшы, «Қайсар» бірінші рет «Алтайды» жеңіп отыр. Бұған дейінгі өзара үш кездесулерінің екеуі тең аяқталып, біреуінде шығыстықтар жеңіске жеткен. 

«Қызыл-Жарда» ойын да, маза да жоқ
 
«Каспий» (Ақтау) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 0:0  
 
«Алтайдың» тоғыз ұпайын қайтарып бермеуін соңына дейін тілеген «Қызыл-Жар» ақыры мақсатына жете алмады. Бес жеңілісі кесір болып, Бірінші лигада бар болғаны 3-орынды қанағат қылуға мәжбүр. Егер «Алтай» тоғыз ұпайын ала алмағанда Ақтауға тек жеңіс үшін барар ма еді, кім білсін. Көңілдері түскен олар Каспий жағалауында тек 90 минут «қуаласпақ» ойнап қана қайтты. Енді олар былтырғы әдеттеріне басып, келесі маусымда Премьер-лигадағы командалардың санын 14-ке дейін көбейтуді сұрайтын шығар. Бірақ «Қызыл-Жарды» енді кім қолдай қояр екен? Клуб басшысы Григорий Лория ҚФФ Президенті Ерлан Қожағапановпен енді ғана достасып, байланыс орната бастаған еді, ол да алдымен «оқуға кетіп», артынша қызметін босатты. Алайда, ашығын айту керек, «Қызыл-Жарды» Премьер-лигаға дайын деп айта алмас едік. Бірінші лиганың өзінде аутсайдерлерден ұпай жоғалтып, бес матчта жеңілген петропавлдықтар әзірге жоғарғы дивизионға лайық емес секілді. 
 
«Мақтаарал» маусымды жеңіспен аяқтады

«Мақтаарал» (Жетісай) – «Екібастұз» 2:1 Голдар: Бралин, 55-өз қақпасына (1:0). Жарынбетов, 66 (1:1). Орынбеков, 88 (2:1).
 
«Мақтаарал» маусымды жеңіспен аяқтап, Бірінші лиганың турнир кестесінде 5-орынға тұрақтады. Соңғы турда жетісайлықтар «Екібастұзды» қабылдаған. Ойын тағдырын матчтың аяқталуына екі-ақ минут қалғанда Сәкен Орынбеков шешті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: