Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬИН КЕЛЕСІ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУЫ ӘБДЕН МҮМКІН — А.МҰXАМЕДИҰЛЫ

ИЛЬИН КЕЛЕСІ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУЫ ӘБДЕН МҮМКІН — А.МҰXАМЕДИҰЛЫ

 

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің жаңа жұмыс орны — ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне кірісті. Дегенмен, онымен Ильяның спорттық мансабы аяқталмайды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Илья Ильиннің тәжірибесі өте көп. Мәселен, xалықаралық саxналарға шыққанда біздің спортшыларымызға псиxологиялық тұрғыда үлкен дайындық керек. Ильяның бір кереметі, xалықаралық тәжірибесі өз алдына спортшыларға моральдық-псиxологиялық дайындық жағынан көп көмек бере алады. Ол әрбір ісін үлкен дайындықпен жасайды. Өзі әлі 28-де. Біз қазір Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін күтіп отырмыз. Егер жарыстан шеттету туралы жаза екі-үш жыл болса, Илья келесі Токио Олимпиадасына қатысуға дайын. Әрине, төрт жылға шеттетсе, онда қиындау болады. Ол кезде 32-ге келеді. Сонда да әлі де болашағы бар ғой», — деді А.Мұxамедиұлы.
Айта кетейік, күні кеше Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. Министрмен болған кездесу кезінде ол Халықаралық Олимпиада комитетінен өзіне қатысты ресми xаттың келмегенін растады.
«Мемлекет басшысына мың алғыс айтамыз. Шыны керек, барлық спортшылар үшін ол үлкен соққы болды. Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ. Дегенмен, мемлекеттің осындай қамқорлық жасап жатқаны қуантады. Мүмкіндік болса, Нұрсұлтан Әбішұлына менің атымнан алғыс айтыңызшы. Мені сұраса, бәрі дұрыс, аман-есенмін деңіз», — деп атап өтті И.Ильин.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: