Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ ТҰРСЫНБАЕВА ROSTELECOM CUP-ТЫҢ ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАСЫНДА 4-ОРЫН АЛДЫ

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ ТҰРСЫНБАЕВА ROSTELECOM CUP-ТЫҢ ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАСЫНДА 4-ОРЫН АЛДЫ

 

Ресейдің Мәскеу қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі -  «Rostelecom Cup 2016» жарысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қатысуда. 16 жастағы спортшымыз 4 қараша күні сағат 23:25-те басталған жарыста алғашқы өнерін көрсетті. Sport-express.ru сайтының жазуынша, қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Анна Погорилая тұр. Екінші және үшінші тізімге оның отандастары Елена Радионова мен олимпиада чемпионы Юлия Липницкая орналасты. Ал қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева төртінші орынға жайғасты. Комментатор, мәнерлеп сырғанаудан белгілі бапкер Татьяна Тарасова Элизабеттің жасын меңзей отырып, оны «кішкене қыз» деп атап, келешегі алда екенін айтып өтті. Мәскеу, «Гран-при» кезеңі: 1. ПОГОРИЛАЯ (Ресей) - 73,93 2. РАДИОНОВА (Ресей) - 71,93 3. ЛИПНИЦКАЯ (Ресей) - 69,25 4. Турсынбаева (Қазақстан) - 64,31 5. Ли Цзыцзюнь (Қытай) - 63,89 6. Хикс (АҚШ) - 63,68 5 қараша күні халықаралық жарыс еркін бағдарламада қайта жалғасады. Э.Тұрсынбаева мұз айдынына 7-інші болып шығады. Басталуы сағат 22:35-те. Қазақстандық көрермендер доданы «Kazsport» арнасынан тікелей эфирден көре алады. Еске салайыққ, Элизабет былтыр «Skate America-2015» турнирінде - төртінші, «Skate Canada - 2015» бәсекесінде жетінші орынға ие болған еді. Сонымен қатар, Тұрсынбаева ағымдағы жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері. Ол сондай-ақ скрипкада, фортепианода ойнайды. «Rostelecom Cup 2016» турнирі - бұл 2016-2017 маусымның мәнерлеп сырғанау бойынша ISU Гран-придің үшінші кезеңі. Турнир ұйымдастырушысы - ISU қолдауымен Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясы. Жарыс ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, жұппен сырғанау және мұзда билеу категориялары бойынша өтеді.   

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: