Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

БАЙШАҚОВ – ҚФФ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА ЖАЛҒЫЗ ҮМІТКЕР

БАЙШАҚОВ – ҚФФ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА ЖАЛҒЫЗ ҮМІТКЕР
Астанада Қазақстан футбол федерациясының Сайлау кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қазақстан футбол федерациясы президенті лауазымына Сейілда Байшақовтың үміткерлігі қаралды. Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті. 
Айта кетейік, оның кандидатурасын аймақтық футбол федерацияларының мүшелері бірауыздан ұсынды. Федерацияның Сайлау комитеті Байшақов Сейілда Икрамұлын Қазақстан футбол федерациясы президентіне жалғыз үміткер ретінде тіркеу шешімін қабылдады.
Байшақов Сейілда Икрамұлы 1950 жылдың 28 тамызында дүниеге келді. «Қайрат» футбол клубы (Алматы) мен КСРО ұлттық құрамасында футболшы болып ойнады.
Спортшылық ғұмырына нүкте қойғаннан кейін әртүрлі қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, «Қайрат» футбол клубы» АҚ бірінші вице-президенті, ҚР мини-футбол қауымдастығының президенті, ҚФФ балалар және жасөспірімдер футболының жетекші маманы, Қазақстан Футбол Одағының вице-президенті, Қазақстан Футбол Одағының төрешілер комитетінің төрағасы, ұлттық футбол лигасының директоры, 2007 жылдың 28 тамызынан бастап – ҚФФ вице-президенті, 2013 жылы техникалық комитеттің төрағасы болды. 2016 жылдың 19 қазанынан бастап – ҚФФ президентінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 
КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР ардагерлер футболы одағының президенті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: