Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Илья Ильин 4 дүркін әлем чемпионы атана ма?

Илья Ильин 4 дүркін әлем чемпионы атана ма?Бүгін, 15 қарашада Алматы қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 105 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады. Айта кетерлігі, бұл салмақта қызылордалық Илья Ильин сыйысқа түспек. 
Жерлесіміз бұған дейін 3 дүркін әлем чемпионы (2005, 2006, 2011) атағын жеңіп алған. Сондай-ақ, 2008, 2012 жылдардағы Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған. Оған қоса Азия ойындарында (2006, 2010) топ жарған. 
Бүгін қызылордалық жанкүйерлер даңқты жерлесіне қолдау білдіретін болады. Сағат 18.00-де "Мұз айдынында" оны қолдау шарасы өткізілсе, 19.00-де Орталық алаңда үлкен экран арқылы Илья қатысқан асйыс көпшілік назарына ұсынылады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: