Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"БОКС КОРОЛІ" ГОЛОВКИНГЕ НАМЫСЫНА ТИЕТІН СӨЗ АЙТТЫ

"БОКС КОРОЛІ" ГОЛОВКИНГЕ НАМЫСЫНА ТИЕТІН СӨЗ АЙТТЫ

 

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкинге қатысты дөрекі тілмен үндеу жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
26 қарашада Сондерс Кардиффте титулды қорғау үшін бірінші рет шаршы алаңға шығады, ол бұл титулды өткен жылдың желтоқсанында жеңіп алған болатын. Сондерстің бұл жолғы қарсыласы ресейлік Артур Аваков болады. 
"Біршама уақыт өткендіктен, жекпе-жекті асыға күтемін. Содан кейін мен GGG-ді соққы астына аламын (Затем я надеру мелкую задницу GGG). Барлық белбеуді алу үшін сен маған керексің. #WBOкоролі", - деді Сондерс Twitter желісінде. 
Айта кетейік, 27 жастағы Сондерс Головкин секілді кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген. Ұлыбританиялық боксшы 23 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 12 кездесуді (нокаутпен) мерзімінен бұрын аяқтаған. Биыл Сондерстің Головкинмен шығатын мүмкіндігі болған, алайда ол қазақстандықтың ұсынысын бірнеше рет қайтарған. Сонымен қатар, ол өз командасымен 2017 жылдың маңызды болатынын және мықты қарсыластармен, соның ішінде Головкинмен шығатынын айтқан. 
Головкин үшін Сондерспен жекпе-жек барлық белбеудің басын қосуға жақсы мүмкіндік. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшының иелігінде WBC, WBA, IBF және IBO белбеулері бар. Оған тек Сондерстің WBO белбеуі жетіспей тұр.
Дерек көзі: tengrinews.kz
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: